Навигация

Телефоны доверия

8 (7282) 32-96-87

«Наш долг – служение народу»

1424 (звонок бесплатный)

Баннеры

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет
Не понял о чем идет речь


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 100

Информация

Партнеры

Функции и задачи

Реализует политику государственного управления в сфере жилищных отношений, жилищно-коммунального хозяйства; участвует в разработке, формировании и осуществлении планов, целевых программ; реализует политику государственного регулирования в области обращения с коммунальными отходами, благоустройства и озеленения; координирует и контролирует состояние, содержание и ремонт жилищно-коммунального хозяйства населенных пунктов области и их инвентаризацию; осуществляет мониторинг состояния жилищного фонда; контролирует и координирует деятельность объектов по размещению отходов, организаций осуществляющих вывоз, хранение, сортировку и переработку твердо-бытовых отходов; выполняет функций уполномоченного органа, предусмотренных правилами благоустройства населенных пунктов области; осуществляет функции заказчика при строительстве, реконструкции, капитальном ремонте объектов жилищно-коммунального хозяйства, объектов по размещению твердо-бытовых отходов, финансируемых за счет средств государственного бюджета.


 

Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттің және әкімдіктің Алматы облысындағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы саясатын жүзеге асыру.

14. Мiндеттерi:

1) мемлекеттің энергетика, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы саясатын жүзеге асыру, жоспарлар, мақсатты бағдарламалар мен іс шаралар әзірлеуге, құрастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

2) облыстың елді мекендерін газбен, электр, жылуэнергияларымен, ауыз сумен, суды бұрумен қамтамасыз ету, көріктендіру және көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды орналастыру мен көму жөніндегі мемлекеттік реттеу саясатын жүзеге асыру;

3) облыс әкімінің энергетика, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қалдықтарды басқаруға қатысты мәселелер бойынша іс шараларын жүзеге асыру, осыған сәйкес ұсыныстарын енгізу;

4) облыстың бюджеттік мекемелері мен ұйымдарын жылу беру маусымына бөлінген лимитке сәйкес сұйық отынды (мұнай өнімдерін) тасымалдауды ұйымдастыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша Басқармаға жүктелген және (немесе) облыс әкімдігі тапсырған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) сумен жабдықтау және суды бұру, электр, жылуэнергияларымен, газбен жабдықтау саласындағы және де облыстың елді мекендерінің шекарасының шегіндегі тұрғын-үй қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру;

2) облыстағы елді мекендер мен аумақтарды дамытудың басыңқы бағыттары бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын коммуналдық шаруашылық нысандарын, энергетикалық кешендерін, қатты-тұрмыстық қалдықтарды орналастыру жөніндегі нысандарды күрделі жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысқа тапсырыс берушінің міндеттерін жүзеге асыру;

4) облыстағы жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған нысандар бойынша қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысын заңда белгілінген тәртіп бойынша ұйымдастыру;

5) облыстың елді мекендеріндегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жөндеу, ұстау, ахуалын бақылау және үйлестіру;

6) коммуналдық қызметті есептеу жүйесін енгізуді ұйымдастыру;

7) тұрғын үй қорының жағдайына мониторингті жүзеге асыру;

8) облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дер кезінде дайын болуына бақылауды жүзеге асыру;

9) жеке сектордағы тұрғын үйлерді, бюджеттік саладағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық объектілерді жылытуға қажет отынның дайындалуына бақылауды жүзеге асыру;

10) қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен іріктеу, сақтау, шығаруды, көмуді жүзеге асыруды ұйымдастырушы қалдықтарды орналастыру жөніндегі нысандардың қызметін үйлестіру және бақылау;

11) облыстың елді мекендерін абаттандыру ережесінде белгіленген өкілетті органның міндетін орындау;

12) облыстың елді мекендерін көгалдандыру мен абаттандыру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға қатысты өкілетті органның функциясын жүзеге асыру;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында және осы Ережеге сәйкес коммуналдық қызмет көрсететін энергия беруші, энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, газбен жабдықтаушы, сумен жабдықтаушы, су бұрушы, қоқыс шығарушы, қоқыс сұрыптаушы, қоқыс өңдеуші және басқа ұйымдардың қызметіне бақылау жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың іс-әрекеттеріне бақылау жасау мен үйлестіруді жүзеге асыру;

15) нормативтік актілерге сәйкес, қайтыс болғандарды жерлеу орындарын белгілеу мәселелерін үйлестіру;

16) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды, жеке тұлғаларға әдістемелік, заңгерлік және өзге көмектер көрсету;

17) коммуналдық инженерлік инфрақұрылымдарды коммуналдық меншікке өткізіп беру-қабылдап алуды жүзеге асыруға қатысу, оларды пайдалану мен ұстау жөніндегі құрылымдарды ұйымдастыру және құру;

18) тиісті мемлекеттік органдарға коммуналдық қызмет көрсету тарифтерін бекіту жөнінде материалдар дайындау кезінде, сараптама кеңесіне қатысу;

19) нысандардағы қайталанбалы қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, орналастыру және өңдеуді басқару жүйесін жетілдіру және талдау жүргізу.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) облыстың заңды және жеке тұлғаларынан энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына байланысты ақпараттарды сұрату және алу;

2) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кіру;

3) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу;

4) энергетика саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету жұмысын жақсарту, елді мекендердегі құлағалы тұрған, сондай-ақ ескі үйлерді бұзу, коммуналдық қызметтерді жеткізіп беру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және облыстың әкімдігі мен мәслихатына енгізу;

5) басқарманың құзыреті шегінде бұйрық шығару, қызметтік құжаттамаларға қол қою;

6) Қазақстан Республикасының Заңдарында ескерілген өзге де құқықтарға ие болу.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.